Ақмола облысындағы Волгодон ауылы қиыршық тас зауытының жарылыстарынан әбден шаршаған. Қазылған қиыршық тас карьері ауылдың дәл түбіне таяп қалған. Жарылыстардан ауылдағы ондаған үйдің қабырғалары қақырап кеткен. Тұрғындар құзырлы органдар аудандағы зауыт саны көбеюіне мүмкіндік бергенін айтады