Қазақстанда шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың аяқталуына 10 күн қалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 19.30-ға дейін көшті.