Алматыда үш адамның өмірі қиылған автобус апатына қатысты сот басталды. Сұмдық жайыт былтыр желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болған еді. Қоғамдық көлікті тізгіндеген әйелді жолаушы азамат жұдырықтап, жүгенсіз автобус аялдамада тұрған үш адамды басып өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.