Биыл тәуелсіздігімізге 32 жыл толады. Қазақстанның тәуелдік алуына қыстың ызғарлы суығында болған Желтоқсан оқиғасының қосқан үлесі көп. Ал Желтоқсан оқиғасына 37 жыл толып отыр. Осы тұста Massaget.kz тілшісі сол күні алаңға шығып, қатысқан, болған жағдайды өз көзімен көрген Ұлбала Әлішевамен әңгімелесіп көрді.