Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні таңертең қаладағы үйлердің бірінің ауласында болған. Қызметтен соң үйіне қайтып келе жатқан кіші сержант Жеңіс Ахметов таңғы сағат 5:00 шамасында әйелінің "Біздің көлікті біреу оталдырды" деген сөзінен оянған. Аулаға шыққан ол бейтаныс біреудің оның көлігін ұрлап жатқанын көріп, бірден ізіне түскен