SöZ Astana Public Talk алаңы - бұл тек қана дәріс оқып, сұрақтарға жауап беру үшін жиналатын жер емес. Ол - көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың басын қосып, ұлттық таным-түсінімізге терең бойлайтын, бүгінгі жас буынның келешек өміріне бағыт-бағдар көрсететін таным мен тәрбиенің түйіскен ортасы. Күні кеше бұл алаңда ORDA тобының солисі, Ninety One тобының экс-продюсері Ерболат Беделхан мен Õzen медиа компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хусейн қонақ болып, медиа саласына қатысты, контент жасау, оны тарату жұмыстарына байланысты өз жобаларына тоқталырып, тәжірибелерін бөлісті.