Барлық дәрі-дәрмектің өзіндік жанама әсері болады. Сол сияқты бала көтертпейтін дәрінің де зияны болуы ммүкін. Бала көтертпеуге арналған дәрі-дәрмектер гормонға негізделген. Олардың құрамында тек прогестерон немесе прогестерон мен эстрогеннің қосындысы болуы мүмкін. Дәл осы гормондар әйелдің етеккір циклі мен жүкті болу қабілетіне әсер етеді.