Абьюзер адаммен бірге өмір сүру айтарлықтай қиын. Өйткені ол өзге адамның бостандығын шектейді, психологиялық тұрғыдан қыспаққа алады, тіпті ұрып-соғуы да мүмкін. Ал заманауи қоғамда физикалық зорлық-зомбылықпен күреске аса назар аударылып, заң жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан перзентіңіздің жақсы адам болуы және жарқын болашағы үшін онымен бала кезінен бастап жұмыс істеу керек. Осыған байланысты балалар психологы, монтессори-тәрбиеші Гүлсая Берікқызы Massaget.kz тілшісі баланың абьюзер болып өспеуі үшін не істеу керегін түсіндірді.