Жанар Бегенова 3 жасқа толмаған баласын Ақтау қаласы 9-шағын аудандағы нөмірі 29-балабақшаға тамыз айының соңында берген. Алғашқы 2 күн балаға ұнағанын айтады. Бірақ, кейін бүлдіршін тәрбиешіні көргеннен қорқып, жылайтынды шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.