Жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланды. Ал әншінің өзі күні кеше бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. Әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты. Massaget.kz тілшісі Жәмиламен сұхбаттасып, шын мәнінде қалай болғанын сұрады.