Ана сүті дүние есігін енді ашқан жаңа туған нәресте ағзасына сай келетін жалғыз өнім. Оны ешқандай мал сүті мен жасанды қоспа алмастыра алмайды, өйткені бала өзіне қажет қоректі, пайдалы барлық затты тек ана сүтінен ала алады. Сондықтан баланы омырау сүтінен ерте ажырату баланың денсаулығына белгілі бір әсерін тигізуі мүмкін. Отбасылық дәрігер, педиатр Гаухар Жұматқызы Massaget.kz тілшісіне бала омырау сүтінен шығуға қашан дайын болатыны және оны қалай шығарған жөн екенін айтып берді.