Кейде көптің сүйікті жазғы тәттісі денсаулыққа қатысты мәселе тудырады, яғни балмұздақ құрамында өсімдік майлары, көгеру және тіпті канцерогендер болуы мүмкін. Сондықтан сапасы жоғары балмұздақты таңдай білу қажет. Тоңазытқыш өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Антонина Кворогова қауіпті балмұздақты қалай анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.