Бүгінде қазақстандықтарға ипотекаға баспана алуға мүмкіндік беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бірнеше түрі бар. Алайда қандай бағдарлама болсын, сатып алушының қорында алғашқы жарнасы болуы керек. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Қайрат Қожанов "Таңғы studio" берген сұхбатында банкте депозиті бар, бірақ ішінде ақшасы жоқ адам ипотекаға баспананы ала алу қаншалық мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.