Целиноград ауданына қарасты Мортық ауылының тұрғындары жылдан астам уақыт бойы ауылдың түбіндегі көл үшін күресіп келген. Алайда, ауылдағы ағайынның тіршілігі мен қажетіне жарап келген көл ақыры жекеменшікке сатылып кетті. Тұрғындар Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың іске араласуын талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.