Әскерилерді көргенде, ең бірінші назар аудартатын нәрсе - үстеріндегі арнайы форма. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі әскери қызметкер екенін, алайда мемлекеттен берілетін дәл осы арнайы форма киюге жарамсыз екенін айтады. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге байланысты министрліктерге ресми сауал жолдап, тегін форма бола тұра әскерилер, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері неге қалтасынан ақша шығарып, киім тіктіретінін анықтап көрді.

"Бәрін ауылға, малға киюге беріп жібереміз". Әскерилер, полицейлер мемлекеттен берілетін тегін форма бола тұра неге өзі сатып алады?
Жаңалықтар







































