Астана қаласының тұрғыны Алтынай Нұрсолтанова бұрынғы күйеуі Әсет Аюпов өзін балаларының көзінше өлімші етіп сабап тастағанын, салдарынан үшінші топтағы мүгедек болып қалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, экс-жұбайының ата-анасы келінінің күйін көргенде, көмектесудің орнына жердегі қанды жуып, қылмыстың ізін жоюға тырысқан. Бұған дейін жәбірленушіге бірнеше ота жасалғанымен, ол әлі де ем алып жүр. Алтынай Нұрсұлтанқызы қайғылы оқиғаның мән-жайын Massaget.kz тілшісіне айтып берді.