Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Мұның 45 пайыз жағдайында ғана жұп жасанды ұрықтандыру технологиялары арқылы дүниеге бала әкеле алады. Ал қалған 55 пайыз отбасының, өкінішке қарай екі ғана таңдауы бар, бірі - бала асырап алу, екіншісі - суррогат ананың көмегіне жүгіну. Ал елімізде суррогат ананың қызметі қанша тұрады? Перзент сүйе алмай жүрген отбасы қайда барып, не істеуі керек?