Қаралы Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды әрі түйткілді мәселелерді шешу мақсатында "Қазақстан халқына" атты қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды. Құрылған қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау секілді салаларда бір жылға жуық уақыт көмек көрсетіп келе жатыр. Бұл қатарда ауыр, сирек кездесетін аурулары мен мүгедектігі бар балалар да көмек ала алады.