Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды. Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы дереу қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр.