Кейбір адам үшін жүгіру - бұл жай ғана денсаулықты қалыпта ұстау, ал кейбірі үшін жүгіру - өмір салты. Сіз күнде жаттыға алар ма едіңіз? Алдыңызға мақсат қойып, 5 жыл жаттығып, сол мақсатқа 2 жылға жетпей жете аламын деп ойлайсыз ба? 40 жасқа келгенде өмір түрленіп, одан әрі қызық боларына сенесіз бе? Егер бұл сұрақтарға қандай да бір күмәнмен қарасаңыз, оны сейілтуге көмектесеміз. Мұның бәрі кәсіпкер, журналист Еренғайып Қуатайұлының қолынан келді. Әлемдегі 6 мейжорды 3 сағатқа жетпей жүгіріп шыққан жалғыз қазақстандық желаяқ Massaget.kz тілшісі бұл спорт түрінің қыр-сырын бөлісті.

"Бауды байлау қиын болып кетті". Желаяқ Еренғайып Қуатайұлының жігерлендіретін хикаясы
Жаңалықтар



























