Өткен ғасырларда қазақтарда әлеуметтік теңсіздік киімнен-ақ көрінген. Халықтың әлеуметтiк дәрежесiне, кәсібіне қарап, оның тұрмыс-тіршілігіне баға берген. Мәселен, сұлтандар мұрақ баскиім кесе, сал-серілерді жарғақ шалбарынан, шәйі көйлектен, аңшыларды киген шекпен-күләпарасынан, ал батырды қаттамасынан ажыратқан.