Қазақты жиі қасқырға балап жатады. "Көк бөрінің ұрпағымыз", "қасқыр мінезді" деп бір телісе, одан бөлек әзіл аралас "қазақ етті қасқырдан кем жемейді" деген де сөз бар. Расында да, қазақтың етке деген "махаббаты" бөлек. Бүгінде ет бағасы кез келген отбасының бюджетіне айтарлықтай салмақ салатыны жасырын емес. Оның үстіне күз, қыс мезгілінде етке сұраныс көбейеді. Massaget.kz тілшісі өңірлерде ет бағасы қаншадан болып жатқанына шолу жасады.