Атырау облысында мемлекеттік балабақшада бір бүлдіршінді қасындағы балалар ұрып-соғып тастаған. Оқиға Махамбет ауданы Бейбарыс ауылындағы "Балдырған" балабақшасында болды. Түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, төпелеген көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astana.tv арнасына сілтеме жасап.