Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі өтіп жатыр. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы "Аса қатыгездікпен өлтірді" деген айып (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы) тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Кейін Бишімбаевтың өзге адамдарға тіркелген мүлкін тәркілеу туралы петиция пайда болды. Massaget.kz тілшісі күдікке ілінген экс-шенеуніктің дәулетіне қатысты талдау жүргізіп көрді.