Қазақстан өңірлерін тағы да су басты. Биыл Солтүстік, Шығыс және Батыс облыстары тұрғындарының тұрғын үйлері суға кетіп, аула аумақтары мен жолдарды су басты, қарапайым халық адал еңбегімен тапқан мал-жайынан айырылды. Дегенмен көктем келіп, күн жылыса, қысы бойы жиналған қар еріп, су тасқынының болуы еліміз үшін таныс жағдай. Бұған қарамастан табиғи апат жыл сайын қайталанады. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі соңғы 10 жылда ел аумағында болған су тасқындарына шолу жасады.