Биыл еріген су Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 мал қорымын, сондай-ақ 14 сібір жарасы қорымын (оның басым бөлігі Сырым ауданында) су басқан. Облыстың ветеринария басқармасы бұл аурудың қоздырғышы топырақта сақталуға бейім екенін, сондықтан малды жұқтыру қаупі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.