Биыл 9 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы өтті. Бұл жолы акция Орал қаласының Аманжолов көшесі 89 аумағында өткізілді. Іс-шараға еріктілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.