Әрбір ата-ана өз перзентін қамқорлығына алып, бар махаббатын көрсетуге тырысады. Тапқанының барлығын үйіп-төгіп алдына қойып, қалағанын бұлжытпай орындағаннан кейбір балалар тым еркелеп, қиғылық салып жатады. Өзгені тұрмақ, туған ата-анасын тыңдамайтын болады. Кейін ата-ана тым ерке баласының мінезін қалай басуға болатынын білмей, әлекке түседі. Мұндай кезде қалай әрекет ету керегін психоанализ бағытындағы қазақстандық психолог Эльвира Қасым Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

"Болашақта құмар ойынға салынады". Қазақстандық психолог тым ерке баланың қандай болып өсуі мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар





































