Күн суытса, ауар райы ылғалданып, терезелер терлей бастайды. Жоғары ылғалдылық сіздің үйіңізді өмір сүруге ыңғайсыз етіп қана қоймай, денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Мысалы, ылғалдан ламинат, фанера, гипроктан улы газ формальдегид бөлінеді. Ол тамағыңызды қышытып, көзіңізді қызартып, жөтел, жүрек айнуын және теріде тітіркенуді тудыруы мүмкін.