Бүкіл Жер беті меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Тарихқа сүйенсек, белдеулік уақыт ұғымы КСРО-да 1919 жылы енгізілген. Бүгінде Қазақстан аумағын 2 сағаттық белдеу алып жатыр. Былтыр желтоқсанда елімізде уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты Үкімет қаулы жариялады. Құжат бойынша Астана, Алматы, Шымкент және республиканың тағы 12 облысында сағат тілі өзгеріп, бір уақыт белдеуіне ауысуы керек. Бұл қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.