"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң шыққалы бері тұтас қоғамның пікірі екіге жарылды. Бірі "көшедегі бұралқы иттердің көзін құрту керек" десе, жануарлар жанашырлары иттерді қорғап отыр. Заң шыққалы бері иттерді атуға үзілді-кесілді тыйым салынып, елдің әр аймағында бұралқы ит көбейгені шындық. Мәселе талай мінберде көтерілгенімен еш өзгеріс те, нәтиже де жоқ. Осының салдарынан Көкшетауда екі тарап арасында дау туындаған