Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының мамандары елімізде аденовирус немесе халық арасында "көз тұмауы" деп аталатын аурудың өршіп жатқанын мәлімдеді. Бұл қандай ауру, оның алғашқы белгілері қандай, инфекция қалай таралады? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне Қазақ көз аурулары ҒЗИ бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, жоғары санатты офтальмолог дәрігер Ботагөз Ысқаққызы жауап берді.