Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан күн сәулелі балаларды іздеп таптық. Видео Атырау қаласындағы Дауна синдромы бар балалармен жұмыс жасайтын "МЕН БАРМЫН!" қоғамдық қорындағы балалардың гастрольдік сапары кезінде түсірілген. Massaget.kz тілшісі ерекше баланың анасы әрі қоғамдық қордың басшысы Зайда Нұғмановамен сұхбаттасты.