Түнде жұмыс істеу адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін, ал тәуекел тобына ең алдымен түнгі ауысымда 2 күн жұмыс істеп, 2 күн демалатындар кіреді. Мұндай жұмыс уақытында денсаулық айтарлықтай нашарлайды, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың даму қаупі артады. Бұл туралы сомнолог Павел Кудинов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.