25 қаңтарда өткен Cенат отырысында депутат Бибигүл Жексенбай Қазақстандағы жасөспірімдер мен балалар тұтынатын азық-түлік өнімдеріне қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Депутаттың сөзінше, Қазақстанда балаларға арналып жарнамаланатын ас-судың шамамен 72 пайызы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған азық-түлікке жатады. Factcheck.kz редакциясы депутаттың сөзі қаншалық шындыққа жанасатынын тексеріп көрді