Атырауда босанған әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты Атырауда ана өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты. Істі болған алтауының үшеуі ақталып, біреуі екі жарым жылға сотталды. Тағы екі медициналық қызметкер шартты жазамен құтылды. Енді олар үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды.