Бельгияда ерекше мейрамхана ашылды. Оның ерекшелігі - ас мәзірі сақтау мерзімі өткен азық-түліктерден жасалады. Жоба авторларының мақсаты - халықты тағамды рәсуә қылмауға үндеу. Себебі Еуропада жылына 90 миллион тоннадай азық-түлік қоқысқа тасталады екен. Есесіне, ғаламшарда 900 миллион адам аштықтың зардабын тартып отыр