Дербенттегі терроризмге қарсы операцияның белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті хабарлады. Содырлардың Дербент пен Махачкалаға жасаған шабуылында тоғыз адам қаза тапты, олардың жетеуі құқық қорғау органдары. Тағы 25 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.