Азаматтың сот өтеуге міндеттеген борышы болған жағдайда, сот орындаушысы оның айлық жалақысының белгілі бір бөлігін ғана ұстап қала алады. Ал егер сот орындаушысы белгіленген мөлшерден көп алатын болса, борышкер шағымдануға құқылы. Бұл туралы сот Динара Құйқабаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.