Екібастұзда жылумен жабдықтау жүйесіне кең ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 7 ақпанда, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы кеңесте жылу желілерінің бірқатар учаскесін ауыстыру және ЖЭО-да жөндеу жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.