Қарағандыда кәріз жүйесі әлі де жөнделмей тұр. Екі апта бойы Бұкпа өзені арнасын толтырған кәріз суы аққан коллекторды (кәріздегі сұйықтықтар мен газ ағызуға арналған кең арна - еск.) жөндеу жұмыстары да жартылай аяқталған. Тұрғындар мұндай апат бірінші рет болып тұрмағанын айтады. Олар бұл жағдай су ресурстарына ғана емес, сонымен қатар, мешіт маңында отырғызылған ағаштарға да зиян келтіретініне сенімді