Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында елімізде 2 жаңа министрлік құрылатынын айтты. Бұл өзгеріс еліміздің экономикасына ауыртпашылық түсірмей ме? Жаңа министрліктер қандай мәселелерді басты назарға алуы керек? Құзырлы органдар қанша уақыт ішінде жасақталады? Massaget.kz тілшісі бұл мәселе туралы саясаткер Мақсат Жақау мен экономист Айбар Олжаевпен сұхбаттасты.