Қазақстанда бір ту астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады. Қоян-қолтық араласқаны соншалық, аралас неке де көп көздеседі. Осынша ұлт тұратын елде екі түрлі ұлт өкілінің шаңырақ көтергені таңсық жағдай емес. Солардың бірі Абай облысының тұрғыны Марианна. Кейіпкеріміздің қазақ жігітіне тұрмысқа шыққанына 6 жыл болған. Қазір шекесі торсықтай ұл тәрбиелеп отыр. Марианна өзге ұлт өкілімен некелесудің қандай қиыншылығы барын, қазақ ата-енесімен қарым-қатынасы туралы Massaget.kz тілшісіне әңгімеледі.