Жайлау, ауыл өмірі, кең дала туралы айтқанда көз алдымызға ежелгі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі елестейді. Қаладағы халыққа мұның бәрі таңсық. Арайлым Диханбаева жайлаудағы ауыл тіршілігінен әлеуметтік этно контент жасап жүр. Оның парақшасында ауыл сұлулығы мен эстетикасын бейнелеген суреттер ерекше сезім сыйлайды. Massaget.kz тілшісі жайлаудағы тіршіліктен этно контент жасайтын Арайлым Диханбаевамен сұхбаттасты.