Былтыр экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді. Бұрынғы шенеунікке әйелін азаптап өлтірді деген Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша үкім шықты. Бишімбаев 22 жылға сотталды. Бұл оқиға тек Қазақстан емес, сонымен қатар, басқа елдерді де дүр сілкіндіріп, Желіде резонанс тудырды. Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын қанша әйел көз жұмады? Ал қанша әйел өзін, баласын қорғаймын деп күйеуімен арпалысып жатқанда жұбайын өлтіріп алады? Бұл - оқиғаның басқа қыры. Massaget.kz тілшісі Алматы қаласынан 50 шақырым жерде әйелдер колониясында күйеулерін өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйелдермен сұхбаттасты.

"Еркек атаулыға жоламаспын". Күйеуін өлтіріп, Жауғаштыда жазасын өтеп жатқан әйелдің жан сыры
Жаңалықтар


































