Есінеу - әлі күнге дейін толық зерттелмеген физиологиялық процесс. Біздің неліктен есінейтінімізді түсіндіретін бірнеше теория болғанымен, олар нақты жауап бере алмайды. Невролог Валерия Морозик есінеуді физиологиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.