Кейінгі жылдары бұралқы иттен зардап шеккендер, қаза тапқандар саны артқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жақында ғана қаңғыбас иттер мәселесін көтерген болатын. Мемлекет басшысы түкпір-түкпірден итке байланысты шағым көп екенін мәлімдеп, жергілікті билік өкілдері шара қолданбай отырғанын, жағдай ушығып кетуі мүмкін екенін сынаған болатын. Тоқаев шара қабылдауды тапсырды. Ал өңірлердегі жағдай қандай? Massaget.kz тілшісі шолу жасап көрді.