Гемоглобин жетіспесе, адам ағзасы оттегінің ашығуына тап болады. Осыған байланысты адам ұйқышыл болады, тез шаршайды, бір затқа назар аудара алмайды, аритмия, бозару және шаштың түсуі байқалады. Анемия дәрі-дәрмектермен емделеді, бірақ гемоглобин тапшылығының жеңіл дәрежесінде тамақтануды түзету жеткілікті. Яғни, өсімдік және жануар тектес тағамдар гемоглобиннің қалыпты деңгейін қалпына келтіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.