Грузияда 26 қазанда парламенттік сайлау өтті. ОСК мәліметінше, барлық бюллетень саналып біткеннен кейін биліктегі "Грузин арманы" партиясы 53,93 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Сондай-ақ төрт оппозициялық партия парламенттен орын алады, олар 37,78 пайыз дауыс жинады.