Жақында Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолданған депутаттық сауалында "Отбасы банктің" несие беру шарттарын сынға алған болатын. Ол банк халықтың өзінің ақшасының үстіне пайыз қосып беретінін айтып, "бұл қаншалық дұрыс?" деп таңданды. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі бүгінде танымал банктің бұл тәсілінің халық үшін тиімділігін анықтау мақсатында жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Қайрат Қожановқа жүгінді.